Оның айтуынша, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп бұлтты ЭЦҚ енгізу мәселесін пысықтауда. Бұл жоба оны алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
«Біз бұл шешім адамдарды онлайнға ауыстырудың кілті болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар, ХҚКО-дағы қызметтер мен сервистердің сапасын арттыру үшін биыл азаматтардан келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жинау, өңдеу жүйесі іске қосылды. ХҚКО жүгінгеннен кейін клиент QR-кодты сканерлеу арқылы пікір қалдыра алады немесе қызметті алғаннан кейін SMS арқылы қысқа сауалнамадан өтеді. Қазірдің өзінде 89 мыңға жуық пікір жиналды. 1 шілдеден бастап азаматтардың теріс пікірлері бойынша кері қоңыраулар жасалуда. Бұл қоңыраулар клиенттердің наразылығының себептерін анықтауға және оларды тез жоюға мүмкіндік береді. Бірде-бір теріс пікір назардан тыс қалмайды», - деп сендірді корпорация өкілі.