«Министрлікке вакцина жасаушылардан ресми ақпарат келіп түскен жоқ. Мұндай ұсыныстар болса, біз оны міндетті түрде арнайы тәуелсіз комиссияда қарап, талқылаймыз. Нұсқаулар мен ережелерге тиісті өзгерістер енгіземіз. Қазіргі кезде ревакцинация жөнінде мәлімет жоқ», - деді спикер өз жауабында.