«Туу құрылымын зерделей отырып, отбасыларда 3, 4, 5 балану туу үрдісі тіркелді. Оның туу құрылымындағы үлесі, яғни үшінші, төртінші, бесінші және одан көп бала туған отбасылардың үлесі 48% құрады. Бұл көрсеткіштің ұлғаюына байланысты 2020 жылы бала туудың жиынтық коэффициенті 3,13 құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 2,9 болған», - деді министрлік өкілі.

  
Асқар Ниязов мемлекеттік жәрдемақылар мен МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау да көзделгенін атап өтті. 


Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында барлық өңірлердің әкімдіктері балаларға сыйлықтар табыстай отырып, түрлі ойын-сауық және мәдени іс-шаралар өткізді. 


«Жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға жалпы сомасы 82,3 млн теңге материалдық көмек көрсетілді, табысы аз отбасылардың балаларына, көру қабілеті бұзылған балаларға 57,1 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Барлық өңірлерде ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар, мерекелік концерттер, сондай-ақ балалардың қатысуымен спорттық жарыстар өтті», – деді спикер.