«АЕК-тің өсуі әр жылы экономика министрлігі тарапынан ұсынылатын инфляциялық дәліздің орта шамасы ретінде белгіленеді, инфляция деңгейі 4-6% деңгейінде қарастырылса, АЕК өсімі 5% құрайды. Осы негізде АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі жыл санап 5% артады. Әлеуметтік төлемдердің барлығы АЕК-ке байланған. Кейбірі күнкөріс деңгейіне қатысты. Бұл жерде әлеуметтік төлемдердің өсу проценті осы АЕК-тің және күнкөріс деңгейінің инфляциялық орташа дәлізіне көшуіне орай көтеріледі. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері – кедейлік шегі мен отбасы табысының айырмасы түрінде беріледі. Отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады. Атаулы әлуметтік көмектің критерийін өсіруге келетін болсақ,  бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Оның барлығы экономикалық мүмкіндігімізге байланысты», - деді спикер.  


А.Ниязов қазіргі кезде министрлік әзірлеп жатқан Әлеуметтік кодекс жобасында да бірнеше тәсілдер қарастырылғанын атап өтті.