«2020 жылы Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар 500-ден аса мәрте барған, оның ішінде 476 – бұл жоспарлы алдын ала бару және 40 арнайы, яғни азаптау және басқа да адамгершілікке жатпайтын қатыгез қарау мен жазалау түрлері туралы шағымдар мен хабарламалар негізінде жүргізілген бару. 2021 жылы әйелдерді ішкі істер органдарының зорлық-зомбылығынан қорғау жөніндегі инспекторлардың саны 2 есеге ұлғайды. Тергеу бөлімшелерінде әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілерді мамандандыру енгізілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, 2022 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялауды аяқтау жоспарлануда. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда.