«2021 жылы пандемияға, шекаралық шектеулерге байланысты онлайн шаралар жалғасын тапты. Биыл 6 айдың ішінде 20 онлайн кездесу мен іс-шаралар өткізілді. Оның бәрі 6-7 мың адамды қамтыды. 2019 жылы шетелдегі 150 отандастың қатысуымен «Отандастар: болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырыды. Мақсаты – шетелден келген ағайынның ұсыныстарын талқылап, пікірлерін біліп, осы жұмыстарды жалғастыру бағыттары айқындалды. Осы ұсыныстар негізінде бүгінде жұмыстар жүргізілуде», - деді Сарбасов.