2020 жылы «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың ұйымдастыруымен қазақ тілін үйрету бойынша 300-ден астам онлайн сабақ өткізілді. Курсқа жалпы 1500 адам қатысып, оның 400-ге жуығы қазақ тілін жетік меңгергені туралы сертификат алды.  


«2021 жылы сабақтар саны 350-ге жетті. Қазақ тілін үйренуге 900 жуық отандасымыз тестілеуге қатысып, қазақ тілін меңгерді деген құжатқа ие болды. қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шетелдегі ағайындарға қазақ тілін оқыту бойынша әмбебап оқу құралы әзірленуде. Себебі латын әрпімен немесе төте жазумен үйренген балаларды кирилицаға үйрету өте қиын. Ол жыл соңына дейін дайын болуы мүмкін», - деді спикер.