«Бұл үшін Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, салалық болжау, өндірушілер мен құрылыс салушылар арасындағы ұзақ мерзімді тікелей келісімшарттар сияқты құрылыс материалдары бағасының өсу проблемасын шешу жөнінде жедел шаралар қабылдау тапсырылды. Осы тапсырманы орындау аясында бірқатар іс-шаралар дайындалды. Болжамды бағалауды жүргізу үшін соңғы 5 жылда құрылыс материалдары бағасының қалай өскенін және осы уақытта жылжымайтын мүлік құнының қалай өзгергеніне талдау жүргізілді. Цемент, арматура, кірпіш, газдалған бетон сияқты негізгі құрылыс материалдары бағасының күрт өсуі бұрын тіркелген, бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тұрғын үй құны өсіп қана қоймай, кейбір жағдайларда тіпті төмендеген. Ағымдағы жылы негізгі құрылыс материалдары бағасының өсуі байқалады. Бағаның өсуі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де тіркелді. Сондай-ақ «кейінге қалдырылған сұраныс» әсері орын алды. Яғни, 2020 жылы салынуы тиіс нысандар бір жылға кейінге қалдырылды және осының есебінен биылғы құрылыс көлемі ұлғайды. Бұған былтырғы инфляциялық компоненттер қосылды. Өз кезегінде, Қазақстанда соңғы 2 жылда тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі күрт артты. Статистикаға қарасақ, 2019 жылдың мамыр айында инвестициялар 432 млрд теңгені, ал 2021 жылдың сәйкес кезеңінде 732 млрд теңгені құрады, өсім 1,7 есе», – деді ведомство өкілі. 


Оның айтуынша, құрылыстың қарқынды өсуі құрылыс материалдарына деген сұраныстың артуына алып келді, бұл жекелеген позициялар аясында отандық өндірісті өтеуге үлгермейді. Бағаға жеке делдалдар мен өндірушілердің алыпсатарлық әрекеттері де септігін тигізді.