Оның айтуынша, кірпіш импортының артуы да байқалады. Бұл ішкі нарықта тұтыну көлемінің күрт өсуіне байланысты. Отандық өндіріс үлесін арттыру үшін 2022 жылдың соңына дейін олардың өндірісін жылына 440 млн данаға дейін арттыру көзделген. 


«Импортқа тәуелділікті төмендету және құрылыс материалдары бағасының күрт ауытқуын болдырмау мақсатында министрлік 2021-2025 жылдарға арналған құрылыс индустриясын дамыту бойынша бағдарламалар қабылдады. Біз келесі 5 жылға құрылыс материалдарына деген қажеттілікке толық талдау жүргіздік. Бірінші кезекте, импортталатын материалдарды бөліп, олар бойынша 360 млрд теңге сомасына 22 жоба дайындады. Аталған зауыттардың құрылысын 2021-2022 жылдары салуды жоспарлап отырмыз және 2023 жылы импортқа тәуелділікті азайту және ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен 100% қамтамасыз ету бойынша жоспарланған қуатқа шығу көзделген», - деді ведомство өкілі жоспарларды іске асырудың басты құралына тоқтала отырып.