«Көп жағдайда бұл баға белгілеу және ұстап тұру бөлігіндегі бағалық сөз байласу болып табылады. Қазіргі уақытта 40 субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы хабарлама жолданды. Кірпіш өндірушілерге 13 хабарлама, арматура өндірушілерге 10 хабарлама, 7 – цемент, 4 - бетон, 2 хабарлама - қиыршықтас өндірушілерге, 2 - полиэтилен өндірушілерге, кабель және шыны өндірушілердге бір-бір хабарламадан жіберілді», - деп хабарлады ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде. 


Ол нарық қатысушыларына бағалық әсер ету мақсатында құрылыс материалдарының 10 өндірушісімен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауға комплаенс шарттар жасалғанын қосып айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тұрғын үй нарығындағы дүрбелең мен бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 14 құрылыс компаниясына Агенттік бағаның төмендегені туралы хабарлама жіберді. Шымкент, Қарағанды, Өскемен құрылысшылары бұл хабарламаларды орындап, бағаны орта есеппен 15 20%-ға төмендетті. Ақшалай баламада - бұл бір шаршы метр үшін 50-70 мың теңгеден. 


«Сонымен қатар, BI-холдинг және RAMS Қазақстан тұлғалар тобы сияқты ірі құрылыс компанияларының хабарламаларын орындау мерзімі шілде айының ортасына келеді. Бұдан басқа, монополияға қарсы органның ақпаратты талап ету жөніндегі заңды іс-әрекеттеріне қарсылығына байланысты тауар нарықтарында талдау жүргізуге кедергі келтіретін субъектілерге қатысты 21 әкімшілік іс қозғалды. Соттар салған айыппұлдардың жалпы сомасы 10 млн теңгеден асты. Енгізілген хабарламалар орындалмаған жағдайда Агенттік аталған компанияларға қатысты монополияға қарсы тергеуді бастайды», - деп сендірді ведомство өкілі, бастапқы тұрғын үй бағасының өсуін тежеу олардың тұрақты бақылауында екенін атап өтіп.