«Мысалы, Alibaba платформасына екі жылда 100 тұрақты өндіруші орналастырылды. Қазақстанның «алтын аккаунты» құрылды. Алдағы уақытта қатысушылар санын 150-ге жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда сауда көлемі шамамен 18 миллион доллар, бірақ бұл бастапқы кезеңде ғана. Тәжірибе жинаған соң бұл көрсеткіш геометриялық прогрессиямен өсуі мүмкін. Біздің тауарға сұраныс жоғары. Сонымен қатар, мамыр айынан бастап Amazon платформасында арнайы опция ашылып, біздің сатушылар өз жұмысын бастады. Вайлдберис, eBay сияқты осындай бірқатар нақты алаңдармен келіссөздер жүргізілуде», - деді министр.