Қызыл аймақта 13 өңір орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары. Сары аймақта 3 өңір - Қызылорда, Алматы, Жамбыл, екі өңір – Түркістан және Шығыс Қазақстан өңірлері жасыл аймақта. 


«Әлемде «Дельта» штаммының таралуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. 2021 жылдың 1 шілдесіне үнді штаммын анықтау үшін 414 сынама скринингі жүргізілді. Нәтижесінде 48%-ында үнді штаммы барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды», - деді Р.Қожапова. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша SARS-CoV-2  «Дельта» штаммы әлемнің 104 елінде анықталды.