Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орындар саны 3074 құрайды. Республика бойынша қамтылу деңгейі - 35%. Инфекциялық төсек-орындармен қамтылу деңгейі Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, реанимациялық төсек-орындар – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында көп екендігі байқалады. 


«2021 жылдың маусым айымен салыстырғанда шілде айында іске қосылған медициналық ұйымдардың саны 296-дан 317-ге дейін артты. Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда министрлік емдеу үшін 60 000-ға дейін инфекциялық төсек-орын және 60 000 реанимациялық төсек-орын орналастыруға дайын. Карантиндік стационарлардың төсек-орын сыйымдылығы 3088, республика бойынша қамтылуы - 10%. 2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша ауыр және өте ауыр жағдайдағы реанимациядағы пациенттер саны - 922. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында ең жоғары көрсеткіштер тіркелген. Пациенттердің 90%-ында созылмалы аурулар бар, кейде 2-3. Көбінесе артериялық гипертензия - 47%, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы - 11%, жүректің ишемиялық ауруы - 10%, қант диабеті - 9% кездеседі», - деді спикер. 


Айта кетейік, ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың жартысынан көбі - 66 жастан асқан адамдар. 100 пациент ӨЖЖ қосылған.