Ол вирустар, барлық тіршілік иелері сияқты, өмір бойы өзгеретінін түсіндірді. Бұл ретте вирус мутациясы көптеген вирустар мен сезімтал адамдарға байланысты бірнеше апта немесе айлар бойы жүзеге асады. Сонымен қатар, кейбір мутациялар вирусты тұрақсыз және осал етсе, басқалары вирустың таралу жылдамдығын, өлім-жітімді арттырады, аурудың ауыр ағымына әкеледі. 

«Бүгінгі күні бәріміз күш салып вирустың айналымын азайтуымыз керек. Себебі, өздеріңіз байқағандай, жаңадан шыққан вирус салдарынан сырқаттанушылық күрделі түрде өтуі мүмкін, яғни бұл вакцинаның тиімділігін ғана емес, оның емін де төмендетеді, басқа да шаралардың тиімсіз болуына әкеледі. Сол себепті бәріміз белсенділік танытып, вакцинация жұмысын қажетті деңгейде жүргізуіміз керек», - деді маман. 


Манар Смағұл Қазақстанда қолданылып жүрген вакциналардың жаңа штамдарға қарсы тиімділігіне тоқталып өтті.  

«Қолда бар ресми деректерге сүйенсек, екі компонентпен егілгенде вакцинаның тиімділігі артады. Ал екінші компонентпен вакцинациялау кезінде ұсынылған аралықты сақтай отырып, ең алдымен аурудың ауыр ағымынан және COVID-19-дан болатын өлімнен сенімді қорғаныс қамтамасыз етіледі, инфекциядан жалпы қорғаныс «жабайы» штаммға қарсы тиімділікке қарағанда сәл төмен. CoronaVac-тың жабайы штаммға қарсы тиімділігі - 83,7%, ол ауыр инфекцияның алдын алады, Спутник V вакцинасының COVID-19 орташа немесе ауыр түріне қарсы тиімділігі - 100%», - деді М.Смағұл.