«Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, вакцинация паспорттарында мұндай қателіктер өте сирек кездеседі. 
«Жалпы, егер біз вакцинация паспорты туралы айтатын болсақ, «Менің вакцинация төлқұжатым қайда?», «Вакцинация паспортын қалай табуға болады?». Вакцинация паспортын eGov mobile мобильдік қосымшасынан таба аласыз. Басты бетте сандық құжаттарға сілтеме берілген. Қызметтерде цифрлық құжаттар бар, оларды ашып, жаңарту түймесін басыңыз, вакцинация паспорты шығады. Ол мәліметтер базасын жаңартқан соң, вакцина салған емханалар ақпарат енгізгеннен кейін пайда болады», - деп түсіндірді спикер өз жауабында. 


Айта кетейік,«жаңарту» түймесін енді енгізілген өзгерістерді жаңарту үшін де басу керек. Вакцинация паспортын біздің елден тыс жерлерде оңай оқу үшін құжатқа қосымша мәліметтер, вакцинация мерзімі, QR енгізілді.