Еліміздің өңірлерінде құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен жүзеге асырылады.  

«Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өтеді. Ал «қызыл» аймақтарда – қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асырылады», - деді Бас мүфти.  


Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар qurban2021.kz сайт арқылы 2021 жылғы 15 шілде сағат 15.00-ден бастап (сайт 2021 жылдың 15 шілдесінде іске қосылады және 15-22 шілде аралығында тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді) тапсырыс бере алады.  

 
Сайтта құрбан шалуға онлайн өтініш берген азаматтарға ҚМДБ жұмыс тобы мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы толық есеп береді.  
Мұқтаж отбасылардан құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш қабылданады.