«Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана жіберіледі. Қазіргі кезде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әр өңірдегі жұмыс тобы «сары», «жасыл» аймақтардағы өңірлер бойынша әкімдік тарапынан арнайы құрбан шалуға бекітілген орындарға барып, онлайн форматта құрбан шалушыларды алдын ала жазу жұмыстарын қолға алды. Офлайн форматта құрбан шалушылардың арнайы тізімі жасалып, құрбан шалуға ниетті тұлғаға кезек саны мен құрбан шалуға баратын нақты уақыты хабарланады. Әркім өз кезегімен келеді. Оған 1 сағат уақыт беріледі», - деді ҚМДБ төрағасының орынбасары.