Оның айтуынша, құрбан шалатын адамдар қасапханаға міндетті түрде маска тағып кіреді, антисептиктерді барынша пайдаланады және ара қашықтықты сақтауы керек.  


«Қасапханаға келетін адамдар дене қызуын өлшеп кіреді, қасапханаға антисептикатер мен маскалар қойылады. Сонымен қатар, қасапхана толымдылығын 30% асырмау, кемінде 1 м ара қашықты білдіретін сызықтар сызу, ақпарат тақтасына немесе қабырғаға қажетті мәліметтерді ілу, қауіпсіздік ережелерімен танысу, мал соятын жердің таза болуы және санитарлық талаптарды сақтау қатаң қадағаланады», - деді спикер. 


Дене қызуы 37 градустан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар қасапханаға келмеуі тиіс. Сондай-ақ, наиб мүфти жасы 65-тен асқан қариялар мен балалардан құрбан шалатын орындарға бармауын өтінді.