«Шариғат вакцинацияға қарсы емес. Вакцинаны ерікті түрде кез келген адам ала алады. Алла Тағала қасиетті Құранда «өз қолдарыңызбен өз жандарыңа, денсаулықтарыңызға зиян тигізбеңдер» дейді. Қазіргі кезде көптеген дін қызметкерлері, имамдар вакцина алды. Ал орталық аппаратқа, ҚМДБ келсек, қызметкерлердің 90 пайызға жуығы егілді. Шариғат ел амандығы үшін, адамның амандығы үшін соған үндейді, насихаттайды», - деді Наурызбай Қажы.