«Мемлекет басшысының игі бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Үкімет қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грантты тағайындау бойынша ережелері мен тұжырымдамасын бекітті. Биыл алғаш рет Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, үздік 30 жобаға 3 млн теңгеден «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындалады. Гранттың негізгі мақсаты 14-29 жас аралығындағы белсенді, шығармашыл жастардың жобаларын, жаңашыл бастамаларын қолдау, стартап жобаларын  іске   асыру,   қолда   бар   тың жобаларды   дамыту, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу және жастарды оқыту», - деді комитет төрағасы. 


Оның айтуынша, бұл грант мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлкен серпіліс беріп, талантты, дарынды жастарды қолдауға бағытталған үлкен жоба болады. 


Бүгінде елімізде 3,8 млн тәуелсіздік ұрпақтары бар немесе ел халқының 20%-ын құрайды.  


Қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясаты саласында Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы және ҚР Жастарын қолдау жөніндегі 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Жалпы елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында 1 миллионнан астам жас қамтылып, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуде.