«Сонымен қатар, ұсынылуы тиіс құжаттар барынша азайтылды, нысан бойынша жобаның сипаттамасы; жобаның 60 секундтан аспайтын бейне-таныстырылымы; шығыстар сметасының жобасы; бар болған жағдайда зияткерлік меншік туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Бұл жобада барлық дарынды жастар  тың идеялары арқылы ашық, әділ бәсекелестік алаңында бақ сынасады»,- деді Байманов. 


Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында (qogam.gov.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған.  


ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатырған бүгінгі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жастардың бастамаларын дамытуға бағытталған әлеуметтік лифт болмақ. Себебі, ол жастарға өздерінің кәсіптерін ашуға немесе одан әрі кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.