«Айта кетейік, бұл вакцина алғандардың аз ғана пайызы. Ол 0,09% құрайды. Спутниктен кейін сәйкесінше, 2048 және 2102 адам ауырды. Оның да үлес салмағы 0,09%, Hayat-Vax - 467 ғана, CoronaVac – 56, QazVac - 86. Бүгінгі күні бізде вакциналардың бірінші компонентінен 582 141 доза, екінші компонентен - 1 000 194 доза бар. Coronavac вакцинасының алғашқы дозасынан шамамен 20 000 доза қалды, ол барлық дерлік өңірлерде бар, бірақ әртүрлі мөлшерде. Ең көп мөлшерде Маңғыстау облысында, ал ШҚО мен Ақтөбе облыстарында жоқ. Спутник вакцинасының бірінші компонентінен 561 000 доза қалды, ол барлық өңірлерде бар, QazVac-тың 3000 дозасы бар, ең көп мөлшерде Маңғыстау облысында және Атырау облысында, ал төрт өңірде – Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Алматыда жоқ», - деп атап өтті спикер. 


Sinopharm тек Маңғыстау облысында ғана қалды - бірінші компоненттің 6286 дозасы бар.