Алексей Цой қолжетімділік құқығын, оның ішінде балалар үшін де қамтамасыз ету өте маңызды деп сендірді. 


«Біздің балаларымыз да егу мүмкіндігіне ие болуы керек, қазір тек ересектер ғана вакцина алуда. Нақты мерзімін айта алмаймыз, өйткені вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өз балаларын егуді сұраған ата-аналар көп, бірақ, өкінішке орай, әзірге бұл вакциналар Қазақстанда жоқ. Мұндай мүмкіндік пайда болғанда, балаларға қолдануға ұсынылған вакциналарға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Вакциналардың түсуіне қарай біз халықты одан әрі вакцинациялау мерзімдерін анықтаймыз, бірақ балаларға басымдық беріледі», – деп атап өтті ведомство басшысы. 


Министр балаларды мектепке қайтару үшін міндетті түрде вакцинациялау туралы болжамды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Вакцинация тек ерікті түрде және ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі.