«Құттықтауларыңызға, қолдауларыңызға рахмет. Бұл менің екінші Олимпиадам. Мақсатымыз басқа еді. Бапкерлемен, командамен, бәріміз алтынға жол салдық, бұйырғаны қола медаль болып тұр. Бәрібір де, қуаныштымын. Осы жүлдемен елімнің абыройын көтерген мен үшін үлкен мәртебе», - деді спортшы. 

Балуан жекпе-жектің тартысты өткенін жеткізді. 

«Ақтық айқаста күрескен жапон спортшысы бұрыннан кездесіп, күресіп жүрген балуандарымыздың бірі. Көп жарыста бақ сынасқанбыз. Екеуіміз бір-біріміздің қыр-сырымыды толыққанды білеміз. Бұл жерде ол да, мен де 100 пайыз дайын екендігімізді көрсеттік. Алайда, Олимпиада ойындарында бағы жанған адам жеңіске жетеді», - деді Олимпиаданың қола жүлдегері.