Оның айтуынша, министрлік вагондар паркін жаңартуға операторларды ынталандыру бойынша жұмыс жүргізуде. 


«2016 жылдан бастап вагондарды сатып алуға несие беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралы енгізілді. Осылайша, мемлекеттік қолдау аясында шамамен 5,5 мың жүк вагоны сатып алынды, оның 3,5 мың бірлігі контейнерлер тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған фитингтік платформалар. Бұл жұмысты «Қуатты өңірлер – экономика драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалғастыру жоспарланған», - деді спикер.