«Атап айтқанда, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, қаржы мониторингі субъектілерін реттеуші мемлекеттік органдардың, яғни банктер, микроқаржы ұйымдары, биржалар, сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, нотариустар, бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер, төлем ұйымдары, риэлторлар, ЖК және бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жататын жеке сектордың өкілдері кіреді. Осыған байланысты, ҚР ҚМА-да Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесіне қатысушыларымен өзара іс-әрекет бойынша жаңа тәсілдерді қолдану қарастырылған «Front office» тұжырымдамасы әзірленіп, кезең-кезеңмен іске асырылуда», - деді ведомство өкілі. 


Бұл жобаның негізгі міндеті - Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл қатысушыларын «бір терезе» қағидаты бойынша сервистік тәсіл элементтерімен қамтамасыз ету. 


«Front office» жаңа платформасын енгізу нәтижелері қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жеке сектордың жеке кабинетке келуі 31 мың еседен асты. Шаралар (дәрменсіз клиенттермен іскерлік қарым-қатынастардан бас тарту/тоқтату) саны 2 есеге өсті. Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке сектор өкілдерінің өз бетінше оқытудан өтуі 4 еседен астам ұлғайды. Күдікті операциялар туралы жіберілген хабарламалар сапасы жақсаруда. Тәуекел топтағы тұлғалардың қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша ЕДБ операцияларының көлемі 82%-ға төмендеді.