«Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 5,2 есе өсті. 1 шілдемен салыстырғанда елімізде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың қамтылуының 3 есе үдемелі өскені байқалады. Осыған байланысты елімізде төсек-орын қоры 1,4 есеге артты. 28 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың 53%-ы, реанимациялық төсек-орындардың 43%-ы бос емес», - деді А.Цой. 
Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар саны жоғары қарқынмен артқаны тіркелді.