«Біз ВАК-та және денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестерімізбен екі күн бойы талқылаған қаулы толығымен «Ashyq» жүйесінде жұмыс істейтін адал кәсіпкерлерді ынталандыруға бағытталған. Біз сигнал беруіміз керек: кім жауапты, өз қызметкерлеріне, келген қонақтарға, осы адамдардың өмірі мен денсаулығына жауаппен қараса, соларды көтермелеу керек. Егер қызметкерлердің 80%-дан астамы егілсе, онда 30% толымдылыққа 20% қосылады. 9 тамыздан бастап «Ashyq» жүйесінің көшбасшылары формула бойынша анықталады, келушілерді жауапты, адал және вакцинацияның жоғары көрсеткіштері тіркелген кәсіпкерлер үшін уақыт ұзарады. Біз ынталандыруға тырысамыз. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады», - деп атап өтті спикер.