«Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл, Солтүтстік Қазақстан облыстарында балаларды стационарлық бассейндерде жүзуге тегін оқыту ұйымдастырылған. Осы мақсатта қазіргі таңда қосымша 42 қаңқалы модульдік бассейн сатып алынды және орналастырылды», - деді Сыздықов.  


Жалпы, шомылу маусымы басталғаннан бері 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. Бұл ретте 41 адам белгіленбеген жерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 


«Өкінішке орай, жүргізілген профилактикалық алдын алу іс-шараларына қарамастан қайғылы оқиғалар орын алуда. Биыл 20 шілдедегі жағдай бойынша су айдындарында 312 адам суға кетті, оның ішінде 109 бала. Жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% өсті. Оның ішінде балалар өлімі 31% артқан. Шомылу маусымы басталғалы, 1 маусымнан бері 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып, қайтыс болды», - деді спикер.