Спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, «Жеңіске тәжірибенің арқасында жетесің» және «Қателеспеген жеңіске жетпейді» деген халық даналығына тоқталды.  


«Мен спортшыларға бекітілген сыйақыларды қысқарту керек деген пікірмен келіспеймін. Олимпиада аяқталған жоқ, жарыс сәтсіз өтті, спортшылар нашар өнер көрсетті деп айтуға әлі ерте. Иә, кейбір көшбасшыларымыз ұтылды, бірақ сәтті нәтиже көрсете алатын басқа да командалар бар. Олимпиада - жанкүйерлер үшін – бір сәт, екі апта, ал біз үшін, спортшылар үшін - бұл көп сағаттық, күнделікті, көп жылдық қажырлы еңбек. Бабыңда болуың керек, спортшы жиындарға, жарыстарға барады, 9 ай жүреді, өз отбасын көрмейді. Үйінде 3 ай ғана болады, бұл ретте режимді сақтауы керек, уақытында тамақтанып, уақытында төсекке жату, бұл өте қиын», - деп түсіндірді чемпион өз ұстанымын.