Одан жазғы Олимпиадаға дайындық кезінде қандай қиындықтар болды деп сұрады. 


«Пандемия тек қазақстандық спортшыларға ғана әсер еткен жоқ, әлем бойынша 2020 жылдың белгілі бір кезеңінде жаттығу процестеріне шектеулер қойылды, Олимпиада 2021 жылға ауыстырылды, Олимпиада ойындары қарсаңында да біз барлық спортшылар мен Қазақстан және бүкіл әлем тұрғындары сияқты карантинде болдық. Пандемия өз әсерін тигізді, өйткені спортшылардың өмірінде көптеген шектеулер, жағымсыз эмоциялар болды, жаттығу процестері бұзылды. Осыған орай мен бұл олимпиаданы болжау мүмкін емес және ол өте қиын өтуде деп ойлаймын», - деді бас бапкер.