«Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін және әлеуметтік желілерде жолдаған жылы сөздеріңіз үшін үлкен рахмет, жарыстан кейін де қазақстандық жанкүйерлерім қоңырау шалды. Әсерлі қолдау тілектері болды, барлық төрт Олимпиада кезінде менімен бірге болғандарыыңыз және қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет. Медаль жеңіп алғанда да, жеңіліс тапқанда да. Мен үшін бұл өте маңызды. Көңіл-күйім де, жағдайым да жақсы болды, бәрі әдеттегідей. Әдеттегідей, жарысқа жанымды салдым, бірақ бір жерден қателік кетті. Әлі өзім де түсінген жоқпын. Стадионнан енді ғана келдім, әлі жаттықтырушымен сөйлескен де жоқпыз, талдау жасаған жоқпыз. Біраз уақыттан кейін эмоциялар басылып, өзімнің соңғы Олимпиадамда сәтті өнер көрсеткім келеді, менің әлі де тұғырға көтеріліп, қуанғым келеді, бірақ бәрі біз ойлағандай болмайды. Бүгін не болғанын білмеймін. Сектор жақсы, ауа-райы керемет, жағдайым да жақсы, бірақ бір қателік блды. Оны әлі анықтайтын боламыз», - деді атлет. 


Себептердің бірі көрермендердің болмауы шығар – бұл да болуы мүмкін.  


«Мен үшін ең басты мотивация әрқашан да менің жанкүйерлерім. Бұл мені әрдайым қолдайды, әрдайым қуантады, ризашылық білдіретін, таңданатын адамдар, яғни адамдарды осы эмоцияларды беруге ынталандыру, және бұл эмоциялар бумеранг сияқты қайтады: олар маған қуат береді, алдағы жеңістерге жетелейді. Менің жеңісім – бұл барша Қазақстанның жеңісі. Әрине, көрермендердің жоқтығына байланысты осы Олимпиада мен алдыңғы ойындардың арасындағы айырмашылық сезілді. Өздеріңіз білесіздер, біз үлкен стадионда өнер көрсетеміз, онда мінбелерде әрдайым жанкүйерлер көп болады. Бүгін олай болған жоқ, бұл өте қатты сезілді. Бірақ бәріміздің жағдайымыз бірдей. Болар іс болды. Тағы да жанкүйерлерімізге және Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитетіне алғысымды білдіремін, өйткені олар мұндай қиын жағдайда жақсы өткізіп жатыр. Олимпиада ойындары жоғары деңгейде өтті және олар зор алғыс пен құрметке лайық», - деді Рыпакова.