Оның айтуынша, «Өрлеу» мықты филиалдар желісі арқылы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.  Барлығы республика бойынша 17 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттары жұмыс істейді. Олар барлық облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.  


«Мектепке дейінгі, орта білім беру, ТжКБ және жоғары білім беру педагогтарын оқытуды магистр дәрежелері, PhD докторларының, ғылым кандидаттарының, докторларының ғылыми дәрежелері бар 300-ден астам оқытушы жүргізеді. Оқытушылардың біліктілігіне қойылатын міндетті талап - білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Орталықтың жұмысы ПОҚ сабақтарына қатысу арқылы біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, курс тыңдаушылары арасында сауалнама жүргізу және сапаны қамтамасыз етудің басқа да құралдары негізінде құрылған. Біз ғылыми тәсілдер мен ғылыми деректер педагогтардың кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін анықтауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуге, олардың тиімділігін бағалауға негізделгенін түсінеміз. Тиісінше, осы әдістемелерді оқытудың тиімділігін арттыру үшін қолдану жоспарымызда бар», - деді Орталық басшысы. 


Ол сондай-ақ бағдарлама сапасын қамтамасыз ету, қызмет саласын кеңейту, педагог бейіні бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тарту туралы жоспарларымен бөлісті.