Оның атап өтуінше, вакциналар өздігінен Ковид тудырмайды. Бүгінгі таңда әлемде әртүрлі вакциналардың 4 миллиард дозасы қолданылды және вакцинациядан коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жағдайы болмаған. Иә, вакциналар 100% қауіпсіз емес, ал аллергиялық реакциялар немесе тромбоз сияқты жанама әсерлерді өте сирек жағдайларда тудырады. 


«Мұндай реакциялар вакцинацияланған 50 мың адамға шаққанда біреуінде ғана болады. Бұл ықтималдылықты найзағайдың түсуімен немесе құлаған көпірде болу жағдайымен салыстыруға болады. Ал біз мұндай жағдайлардың өте сирек болатынын білеміз. Сонымен қатар, егер вакцина салдырмай, ковидпен ауырсаңыз, қанның ұюы пациенттердің 20% - ында, яғни әр бесінші науқаста аурудың ағымын қиындатады. Бұл COVID-19-ға қарсы егіліп, өзін қорғаған адамдарға қарағанда мың есе жоғары. Вакциналар репродуктивті функциялардың бұзылуына және сәбилерде кемтарлықтың дамуына әкелмейді. Керісінше, ковидпен ауырғандар арасында бедеулік, шала туу, сондай-ақ ми, жүрек және басқа органдардың көптеген созылмалы бұзылулары, соның ішінде ақыл-ой қабілетінің төмендеуі секілді жағдайлардың орын алу қаупі артады», - деді профилактикалық медицина академиясының президенті.