«Ревакцинация қажет пе, жоқ па, оны тек антиденелер деңгейі бойынша анықтауға болады. Антиденелер мөлшері бірліктен төмен болса, яғни нөлге дейін түссе, ревакцинация қажет болуы мүмкін. Әлі талқылануда, жақын арада біз осы сұрақтарға жауап аламыз. Басқа елдердің әдеби мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда Израильде 60-тан асқан адамдар қайта вакцинациялануда, басқа елдер әлі де ортақ шешімге келген жоқ. Халықтың (Қазақстанның) басым бөлігі, негізінен, медицина қызметкерлері бірінші компонентпен ақпан - наурыз айларының басында вакцинацияланды, ал күзге қарай - қазан-қараша айларында олардың кейбіреуіне ревакцинация қажет болуы ықтимал. Бұл мәселе қазір белсенді түрде талқылануда, өйткені біз дәрігер ретінде иммунитетті, антиденелердің жеткілікті мөлшерін сақтауға мүдделіміз», - деп жауап берді сарапшы.