«Мен бұған дейін турнирде төрешілік барынша объективті деп айтқан едім, бірақ бүгінгі жартылай финалдық кездесуде Сәкен Бибосынов өз жекпе-жегінде жеңіске жетті деп санаймын. Екінші раундта ол ағылшын боксшысынан басым түскенде төрешілер 3:2 есебімен жеңіс Бибосыновқа берді. Яғни, екі төреші ағылшын боксшысын, үшеуі Бибосыновты қолдады. Бірінші раундта жіберіп алған соққының салдарынан бес төрешінің барлығы ағылшын боксшысына ұпай берді, екінші раундта 2:3 есебімен Бибосынов басым түсті, сондай-ақ үшінші раунд - 3:2, төрешілер Бибосыновқа басымдық берді. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды «төрешілер қалай бағалады?», «байқамай қалды ма?!, «адами фактор орын алды ма?». Мен бұл төрешілердің мойнында деп санаймын, бірақ Сәкен жеңіске жетті. Оның алтын медаль жеңіп алуға мүмкіндігі болды», - деді Вэл Баркер кубогының иегері. 


Айта кетейік, спикер бокстағы басқа әріптестерінің кездесулері нашар өткенін атап өтті.

«Жекпе-жектер нашар өтті, өйткені Олимпиада ойындарында алтын медаль ала алмадық. Кейбір жігіттер турнирге дайындықсыз келгенін көріп отырмыз, бірақ нәтиже нәтиже болып қала береді. Мен нашар өнер көрсеттік деп ойлаймын, себебі біз жоспарлаған алтын медальдар жоқ», - деді комитет басшысы.