«Жігіттер бабында, олар ойындарға жалпы жақсы дайындықпен келді, спаррингтер де, жарыстар да болды, олар толық дайындық кезеңінен өтті, бірақ Олимпиадада психологиялық қысым көп әсерін тигізді. Жігіттер тәжірибелі болғанымен, нақ осы жағдай сеп болды. Ресей құрамасы Владивостокта жаттықты, бізді де шақырды. Онда көптеген шетелдік командалардың барғысы келді, карантин болғандықтан олардың бәріне рұқсат берілмеді. Біз Алматыда Ақбұлақ базасында 14 күндік карантиннен өттік. Ал мұнда 17-сі күні келдік, бірінші спортшы 27-сі күні 57 кг салмақта жұдырықтасты. Мұнда толық акклиматизациядан өттік, жақсы дайындалдық, акклиматизация тұрғысынан ешқандай проблемалар болған жоқ», - деп сендірді Кенжебаев.