Оларға ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді. 


«Жаттықтырушылар кеңесі қателіктермен жұмыс істейтін болады. Бас жаттықтырушыларды тағайындаған кезде жауапкершілікті толығымен оларға жүктеледі, өйткені олар оқу-жаттығу жиындарының, бәсекелестік процестің кестесін жасайды, бірақ көп нәрсе спортшылардың өздеріне де байланысты. Олар Сәкен сияқты шығып, соңына дейін күресуге тиіс. Бұл жерде тандем болуы қажет - бір жағынан бапкерлердің жұмысы: спортшыны жақсы дайындау, жүйелі тәртіп орнату, екінші жағынан спортшылар күш-жігерін салуы керек. Әрбір Олимпиада ойындарынан кейін спорт түрлері бойынша федерациялардың, спорт қызметкерлерінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің қатысуымен талдау жасалып, кеңейтілген отырыс өткізіледі.  Жаттықтырушылардың біліктілігі, олардың ротациясы қайта қаралады. Оны көре жатармыз. Олимпиада ойындарынан кейін міндетті түрде кеңейтілген отырыс өткізіледі, онда қандай да бір кемшіліктер болған жағдайда, тиісті шешімдер қабылданатын болады», - деп түйіндеді спикер.