«Жанкүйерлерден спортшыларды қолдауларын сұрағым келеді, өйткені оларға қазір қиын, оңай емес. Сәкен Бибосынов байланысқа шықты, ол жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол өзін нағыз патриот, батыр ретінде көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Мен жанкүйерлерден спортшыларға қолдау көрсетулерін сұраймын. Әрине, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы ең нашар нәтиже, бірақ жанкүйерлер, қазақстандықтар, спортшыларға қолдау көрсетіңіздер, сынамаңыздар. Олимпиада әлі де жалғасуда, «үміт оты еш өшкен жоқ», нәтижесін күтейік, Олимпиада ойындарынан кейін пікір білдіріп, түбегейлі шешімдер қабылдауға болады», - деді Серік Сәпиев.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол боксшы ретінде де, спорт қызметкері ретінде де осындай қорытындыға қатты ренжігенін айтты. Егер бүгінгі жекпе-жектегі әділетсіз төрешілік болмағанда, бәрі басқаша болар еді, – деп санайды спорт комитетінің басшысы.