Пайыздық арақатынаста ТЖҚ сатып алу көлемінің шамамен 70%–ы үш ірі операторға тиесілі - Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг, 13% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына және қалған жер қойнауын пайдаланушыларға - 8%. 


«Сонымен қатар, министрлік жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған екі бастаманы жүзеге асыруда. Бұл - ірі мұнай-газ кәсіпорындары үшін қажетті жергілікті тауар өндірушілердің техникалық талаптарға сәйкес келмеуі және өнеркәсіптік құзыреттілігін арттыру мәселелерін шешу үшін құрылған машина жасау орталығы. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындарға инвестициялау мақсатында жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры», - деп хабарлады спикер. 


Осындай бастамалардың арқасында мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісінің өз жүйесін құру жоспарланған.