Оның айтуынша, әлі де перспектива бар. Жалпы Олимпиадаға 8 жолдама алынды, 7 спортшы әлемдік жарыста күш сынасты.  


«Бұрын теннистен мұндай нәтиже болған емес. Теннис жаттықтырушыларына алғысымызды білдіреміз. Енді тенниспен айналысатын жастар көбейеді деп сенеміз. Теннис – жаңа деңгейге шыққан спорт түрі. Бұл ретте ҰОК, әсіресе, Теннис федерациясының жұмысы нәтижелі болды деуге болады. Әр облыста теннис корттары салынды, жаттықтырушыларға көңіл бөлінеді, секциялар көбейіп жатыр», - деді спикер. 


Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры теннис, садақ ату сияқты спорт түрлеріне көңіл бөлу керектігін атап өтті.  


«Олимпиадада садақ атудан алғаш рет ширек финалда Ильфат Абдуллин деген спортшымыз сайысқа түсті. Бұл да тарихта болмаған нәрсе. Жеңіл атлетикада қаншама медаль сарапқа салынады. Жүзу. Бұл жерде федерациялар өз тарапынан, біз өз кеңесімізді беріп, осы басқа спорт түрлеріне де көңіл бөлуіміз қажет. Осындай жағдайларда тек қана бокс пен басқа жекпе-жек спорт түрлеріне қарап қалмайтындай жағдай жасауымыз керек», - деді Қанағатов.