«Күрес спорт түрін халық жақсы көрді. Тарихымыз бар, нәтижеміз бар. Жергілікті жерлерде спорт мектептеріне, олимпиадалық орталықтарға, интернаттарға ерекше көңіл бөлуді, бақылауды күшейту керек», - деді спикер. 


Сонымен қатар, Қанағатов балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақысы өте төмен екенін атап өтті. Жас бапкерлерді тарту керек. Федерация бапкерлердің дәрежесін көтеру, оқыту мәселелерін қолға алуы тиіс.