Ол 103 қызметі мен емханалар жанындағы мобильді бригадалар жүктемесі артқанын атап өтті. Өткен тәулікте жедел жәрдемге 3 348 өтініш және КВИ бойынша 396 қоңырау келіп түсті. Мобильді бригадалар күніне 2 мыңға жуық шақыртуға барады. Сонымен қатар, емханаларда 12 мыңнан астам пациент коронавирустық инфекцияға қарсы амбулаториялық ем алуда. 


«Вирус агрессивті бола бастады және тек тыныс алу жүйесін ғана зақымдамайды. Мутацияға ұшыраған вирусқа 25 жас пен одан жоғары азаматтар жиі шалдыға бастады. Асқазан-ішек жолының бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы және буындардың қақсауынан зардап шегіп отыр. Пациенттер орташа немесе ауыр жағдайда түсіп жатыр. Олардың көбі өкпеге оттегіні беруді қамтамасыз ететін көмекші аппараттарды қажет етеді, олардың басым көпшілігі екпе алмағандар мен санитариялық талаптарды елемеген адамдар. Бүгінде жансақтау бөлімінде 243 науқас жатыр, оның ішінде 55 адам ӨЖЖ апаратына қосылған», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.  


Айта кетейік, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалар саны 300-ге дейін ұлғайтылды.