Халықты вакцинамен қамту үшін медициналық ұйымдардағы, сауда кешендеріндегі егу пунктерінің жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда  сағат таңғы 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін ұзартылды. Вакцинация пункттері 8 сауда-ойын-сауық орталығында ашылған - Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, СарыАрқа, Евразия, Мечта дүкені. 


«Осы уақыт аралығында сауда және ойын-сауық орталығында барлығы 60 мыңнан астам адам екпе салдырды. Соңғы уақытта халықтың вакцинация бойынша белсенділігі жақсы. Адамдар өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығы үшін алаңдауда. Олар коронавирустың жаңа қауіпті «Дельта» штамына байланысты сақтық танытуда. Азаматтарды вакцинацияға ынталандыру үшін Елордада смартфондардың және басқа да бағалы заттардың ұтысы ұйымдастырылды. Ұтыстарды ойнатылу басталғаннан бері қала әкімдігі екпе салдыртқан азаматтарға 35 бағалы сыйлық ойнатты. Бұл ұтыстар апта сайын өтеді.  Одан бөлек қала әкімі екі бөлмелі пәтердің ұтысы туралы хабарлады. Пәтер ұтысына бірінші компонентті 25 маусымнан бастап 31 тамызға дейін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады», - деді спикер.  


Пәтер ұтысына барлық егу пункттері, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және медициналық ұйымдар қатыса алады. Екпе алғандардың арасында жылжымайтын мүлікті ойнату қыркүйекке жоспарланып отыр.