Өтінімдерді қабылдау 23 тамыздан басталып, 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Жобаға еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытқысы келетін барлық КЕҰ қатыса алады. 


«Жоба үш кезеңмен өтеді. Біріншісі - өтінімдерді жинау, оларды дұрыс толтыру тұрғысынан қарау. Екіншісі - қатысушыларды «Инкубатор» және «Акселератор» бағдарламалары бойынша оқытуды көздейді. «Инкубатор» - бұл бұрын «Әрекет» жобасы аясында грант ұтып алмаған, әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі аспектілерін зерттеп, нығайтқысы келетін, соның ішінде нарықты талдау, бизнес модельдерді құру, PR, жобаларды заңгерлік сүйемелдеу. «Акселератор» - біздің гранттарымызды алған КЕҰ-ға арналған бағдарлама. Олар үшін қаржылық модель құру, өнім дизайны, сатуды жылжыту бойынша оқытуды көздейтін тереңірек бағдарлама жасалды. «Акселератор» көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсартуға, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша қолданыстағы жобаларға жаңаларын қосуға бағытталған. Оқыту алты апта бойы online форматта өтеді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар білім беріп қана қоймай, өз кейстерімен бөліседі, ментор болады», - деп атап өтті спикер. 


Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалистер анықталып, олар өздерінің әлеуметтік жобаларын конкурстық комиссияға ұсынатын болады. Үздік идеялар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 3 млн. теңгеге дейін гранттар алады. Жоба жеңімпаздары желтоқсан айында жарияланады.