«Әрекет» жобасы барысында 360-тан астам КЕҰ қатысуға өтінім берді. Грант алушылар жобаларының негізгі бағыттары халықтың әлеуметтік осал топтарынан адамдарды жұмысқа орналастыру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және түзету, инклюзивті білім беру, спорт, жастардың бос уақыты, мектепке дейінгі оқыту болып табылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерліктің мемлекеттік деңгейде қолдау тауып жатқаны қуантады. Үкімет бұл саланың Қазақстан экономикасының дамуына нақты пайда мен нақты үлес қоса алатынын, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шеше алатынын көріп отыр. Маусым айында «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды, онда осы саланы қолдау бойынша бірқатар шаралар қарастырылған. Өткен жылдардың тәжірибесі біздің КЕҰ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға дайын екендігін көрсетті. Тек сапалы мәліметтер базасы мен бастапқы капиталды беру қажет. Осы екі міндетті біздің Қор шешеді», - деп атап өтті Іргебаев.  


Қорытындылай келе, ол қазақстандық КЕҰ-ны болашақты бірге жақсартуға шақырды. Барлық ақпарат қордың ресми парақшаларында, әлеуметтік желілерде және сайтта жарияланған.