«Мұндай шараларды қабылдау қажеттілігі айқын, өйткені мал шаруашылығын тиісті азық базасы болмай дамыту - бұл үлкен және негізсіз тәуекел. Бүгінде климаттың өзгеруі жаһандық жылынудың салдары екенін бәрі біледі. Қазіргі құрғақшылық сияқты ауа райы катаклизмдері орын алуы мүмкін жағдай, сәйкесінше, оқиғалардың осылай өрбуіне алдын ала дайындалу керек еді. Өкінішке орай, биылғы жыл бұған дайын болмағанымызды көрсетті. Мынадай мысал келтірейін. Ғалымдардың деректері бойынша, елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндіріледі. Сонымен қатар, жемшөптің осы көлемінің шамамен 70%-ы негізінен табиғи шабындықтарда және шабындық деп аталатын жайылымдарда жиналады, олардың өнімділігі толығымен ауа райына байланысты. Жеке үй шаруашылықтарындағы мал өнімділігінің төмендігінің негізгі себептерінің бірі осында жатыр. Бізде ауыспалы егістегі жемшөп дақылдарының үлесі 15% деңгейінде, бұл ғылым ұсынған көрсеткіштен 2 есе төмен. Осылайша, мал шаруашылығын дамытудың негізгі қағидаттары бұзылып, мал басының көбеюі жемшөп базасын озыңқы нығайтпай жүзеге асырылды деп айтуға болады. Менің ойымша, асыл тұқымды аналық мал басын жаппай импорттау есебінен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасының дамуын айтарлықтай тежеген себептердің бірі дәл базалық қағидатты сақтамау болды: мал шаруашылығын ойдағыдай дамытқың келе ме, азықтың жеткілікті екеніне көзіңді жеткіз! Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ», - деді ведомство басшысы баяндамасын оқу барысында Маңғыстау облысына тоқтала келе.  


Онда статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін барлық мал басының 732 мыңға жуығы болған. Мұндай мал басы үшін жалпы ұзындығы шамамен 260 км болатын 3400 шахта мен құбырлы құдық, 43 тоған мен су құбырлары салынып, жұмыс істеді. 


«Қазір облыста 840 мыңға жуық мал басы бар. Оның жалпы саны 15% - ға өсті, бұл ІҚМ, түйе, жылқы, ұсақ мал. Құдықтардың саны 2500-ге дейін қысқарды, дегенмен 2014-2020 жылдар аралығында шамамен 400 құдық пен ұңғыма салынды және қалпына келтірілді. Жайылымдардың өнімділігін арттыру бойынша жағдай қиын болды. Мен өзім Маңғыстау облысына бардым, қарап шықтым, қатты құрғақшылықтың әсерінен нашарлаған жайылымдар таусылып жатыр, өкінішке орай, мал өсірушілер осындай қиын жағдайға тап болды. Мал шаруашылығының жемшөп базасы мәселесін шешу үшін не істеу керек? Бұл мәселе қазір көпшілікті алаңдатуда: мал өсірушілер де, біз де, қоғам да. Бұл тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар - ауа райы факторларының әсеріне қарамастан, саланың тұрақты дамуына кепілдік беруге мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажет», - деді Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.