Осы мәселелерді шешу үшін біздің министрлік Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. 

«ҰБЖ үш негізгі сұраққа жауап береді: «Заманауи мамандар нені білуі және істей алуы керек? Бұл үшін оларды не және қалай оқыту керек? Олардың біліктілігін қалай тануға және беруге болады?». Ұлттық біліктілік шеңбері түріндегі негіз қаланды, ол біліктіліктің 8 деңгейінен тұрады және маман қандай деңгейде, қандай жалпы кәсіптік құзыреттерге және білім деңгейіне ие болуға тиіс екенін айқындайды; орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын құзыреттердің сипатына қарай деңгейлер бойынша нақты саладағы маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейтін 36 салалық біліктілік шеңбері жаңартылды; қаржы секторын, жеңіл және химия өнеркәсібін, экология саласын қоса алғанда, 7 сала бойынша жұмыс әлі де жалғасуда; 600-ге жуық кәсіби стандарттар бекітілді, олар нақты мамандық пен лауазым аясында қызметкерге қандай дағдылар мен білім қажет екенін нақты түсінуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ведомство өкілі.