«Бокстың ахуалы жайлы бәрі айтуда. Бұл өте нашар көрсеткіш. Ешкім ешкімді ақтамайды. Жігіттер қолынан келгенін істеді. Шын мәнінде, жүйелі жұмыс жасалды. Барлық жарыстарға барды, оқу-жаттығу жиындары өтті, дегенмен, болатын нәтиже болды. Өкінішке орай, екі қола алдық, Риодағыдай нәтиже болмады, онда бір алтын, екі күміс, екі қола болды. Алдағы уақытта сараптама жасалады. Қазан айында Сербияда Әлем біріншілігі өтеді, соған байланысты ұлттық құраманың тізімін толықтай өзгертіп, жақсы командамен барып, жақсы нәтиже береміз деген ойдамыз», - деді Артаев өз жауабында.  


Бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысының пікірінше, нақты, нық қадамдар жасап, дайындық барысы мен спортшылардың рационы да өзгертілмек. Бапкерлер мәселесі де қаралатын болады.