Оның айтуынша, бұл оның төртінші Олимпиада ойындары. Жағдай бойынша бәрі жақсы болды, көлікпен, тамақпен ешқандай проблемалар болған жоқ. Әлемдік пандемияны ескерсек, үлкен шектеулер болды. Бұл мұндай форматта өткізілген алғашқы Олимпиада ойындары.
«Дайындық жағдайлары өте жақсы болды, менің ойымша, медаль жеңіп алу үшін жеткілікті. Бір жерде жолымыз болмады, бір жерде спортшылар шаршады, өйткені күрестен жарыс кестесі өзгертілді. Жеңіл салмақ әдетте боз кілемге басында, ауыр салмақтар соңында шығатын. Бұл да әсерін тигізді. Жалғыз айтарым: алдымен өте жеңіл салмақтағы спортшыларды жібергенде, бәрі басқаша болатын еді», - деді федерация вице-президенті.